Жарнама
Жаңалықтар

Әлемдік көрмеге Атыраудың тартуы

 Атыраудағы «Тамаша» ойын-сауық кешенінде суретшілер Халифа Мусина, Айса Отаралив, Қалымбек Жұмашев және Есім Арыстанов келушілерге арнап шеберлік сағатын өткізді. Бұл шара негізінен келесі жылы Астанада өтетін «EXPO-2017» көрмесіне арналды.

  Шара шымылдығын облыстық Ш. Сариев атындағы өнер мұражайының басшысы Төлеген Орынбасарұлы ашып, жиналғандарға суретшілерді таныстырды. Дизайнер Халифа Сейітжанқызының сәнді киім үлгілеріне қараса, көз тоймайды. Ол – Қазақстан Республикасының Суретшілер, Дизайнерлер одақтарының мүшесі. Қазір Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында оқушыларға сабақ береді. «Нео-фольклор» киім дизайнерлерінің байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Бүгінде қазақтың ұлттық дәстүрін насихаттап жүрген ол «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің республикалық кезеңіне жолдама алып отыр. Дизайнердің «Жібек жолы», «Сарайшық» атты туындылары нағыз ұлттық нақышта тігілген.

  ҚР Суретшілер одағының мүшесі Айса Отаралиев те Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жастарға дәріс береді. «Шашақты найза, шалқар күй» және «Менің Қазақстаным» атты облыстық байқаулар жеңімпазы. Ал, Қалымбек Жұмашев — тек суретші ғана емес, сондай-ақ, шебер қолөнерші. Соңында суретші Есім Арыстанов бір сағат ішінде «Тамаша» ойын-сауық кешенінің сыртқы келбетін майлы бояумен қағазға түсіріп, кешен ұжымына тарту етті.

А.ШАМАР.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button