Әлемдік БАҚ: Коронавирустан қашқан халық Қытайға бет алды
Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл. «Бірнеше апта бұрын вирус жұқтырудан қашқан халық Қытайдан кете бастап еді. Енді жағдай кері бұрылды». Бұл туралы «The Wall Street Journal» журналы жазды.
Бұл жайында «ҚазАқпарат» өзінің ресми сайтында жариялады.
«Адамдар Қытайды коронавирустан қорғайтын ең қауіпсіз жер деп есептеп, сол жаққа ағыла бастады. Apple Inc. Компаниясы қытай нарығындағы дүкендерін қайта ашып, басқа мемлекеттердегі дүкендерін екі аптаға жапты. Ал Джек Ма АҚШ-қа 1 млн маска мен 100 мың тест сыйлайтынын мәлімдеді» деп жазады The Wall Street Journal.
«Дүйсенбі күні Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы енді вирусты мемлекетке кіргізбеу шараларын қолға алу қажет екенін айтты. Ал Бейжіңнің муниципалды үкіметі қалаға шетелден келгендерді 14 күндік карантинге жатқызатынын мәлімдеді», — деп жазады басылым. Автордың айтуынша, халық Қытайдың жағдайды қатаң бақылауда ұстайтынына сенеді. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жексенбі күні Қытайда коронавирустың 24 жағдайы тіркелгенін айтты. Ал әлемде бұл көрсеткіш 10955-ке жеткен еді», — деп жазылған мақалада.
Аман ШАМАР