Жаңалықтар
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2018 жылдың 27-29 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.
«Қазақстан аумағы арқылы өтетін циклондар мен атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа-райын алып келеді. Шуақты, ыстық күндер жаңбырлы күндермен ауысады», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктердің айтуынша, алдағы үш тәулікте ауа райы айтарлықтай өзгермейді екен. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түскенімен, күн райы жауын-шашынсыз ашық болады деп күтілуде.
Хорлан СМАДИЯР