Қала қақпасы болса…

nD3NL4ZsdA9PkdE6XGm5CVCL0Rn608 Жаңалықтар

Алыстан сапарлап қайтқан кезде әр адам өзінің туған қаласын, күнделікті бірге жүрген жолдастарын, отбасын сағынып қауышатыны ақиқат.

nd3nl4zsda9pkde6xgm5cvcl0rn608

Ұшақпен  жеткен кезде әуежайдағы «Атырау» деген жазу ыстық көрінеді, темір жолмен жетсе,  «Атырау темір жол вокзалы» деген сөзді қайта-қайта оқитыны рас.  Қасындағы  қонағына не танысқан  сапарласына «ал, қош келдіңіз  Атырау қаласына, мұнай Астанасына» деп бір көтеріліп, мерейленіп қалады.

Ал, алыс сапардан автокөлікпен Атырауға оралғанда  жол капталындағы  өндірістік, қызметтік, тұрғын ғимараттармен  жарысып қалаға  қалай кіріп кеткенімізді байқамай қалатынымыз жасырын емес.

Күндіз соңғы үлгідегі  сәулетпен салынған ғимараттар көзді арбаса, түнгі  мезгілде түрлі түсті  шамдармен  жарықтандырылған  қала көркі өте әдемі  көрінеді. Осындай әдемі  көріністің  бастауы  болатындай етіп, қалаға  кіреберіс  жолдарға  қақпалар орнатылса, қала сәулетін аша түсер еді. Сапарлап  келген жолаушы «армысың,  Атырауым» деп, каладан аттанғандар «қайтып оралғанша  сүйікті қалам» деп қалаға деген сағынышын, қимастық сезімін білдірер еді.

Тағы бір айтар жай, Атырау қаласы транзиттік жол торабында  орналасқан. Егер қаланың кіреберісіне Тараздағыдай әдемі қақпа орнатылса әлемді шарлаған автокөлік керуендері орталыққа кірмесе де атына көркі сай әдемі қаладан  жақсы әсер  алып өтері  анық.

Дамыған 30 елдің  қатарына  қосылуға  ниеттеніп  отырған тұста еліміздің өркениетінің, мәдениетінің, қуаттылығының символын  бейнелейтін қақпа орнату – елімізге  абырой, өлкемізге мақтаныш. Ал, әзір Атырау қаласына түнде түгіл, күндіз келсең де қай қалаға кіріп келе жатқаныңды түсінбейсің. Себебі, «Атырау» деген белгілер қаланың ішінде қалған, әрі көріксіз, әрі байқалмайды.

Мұрат  САРМАНОВ,

 кәсіпкер.

Атырау  қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз