Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Алғашқы дәрігерлік жәрдем алдымен кімге тиесілі?

Жазатайым жағдайға тап болсақ та, басымыз ауырып, балтыр сыздай қалса да «жедел жәрдемнің» көмегіне жүгінуді жөн санаймыз. Аты-жөнің мен нақты мекен-жайды ғана сұрайтын шақыртуды қабылдаған дәрігерлердің енді қоңырау шалушыға қояр сауалы көбейе түспек. Өйткені, ендігі жерде түскен шақыртулар төрт топқа бөлінеді.

Денсаулық

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел медициналық көмек көрсету ережелері туралы бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, «жедел жәрдемнің» жұмысын барынша жеделдету қарастырылған.

«Біздің талдауларымыздың нәтижесі көрсеткендей, «жедел жәрдем» созылмалы ауруы бар науқастарға қызмет көрсетеміз деп, ажал аузында жатқан адамдарды құтқаруға үлгермей жатады. Сол себепті түскен қоңырауларды нақты төрт топқа бөлу ұйғарылды. Алғашқы үшеуі шұғыл әрекетті көздейді. Ондай қоңыраулар диспетчерлік қызметте қала береді. Барлығына жедел медициналық көмек қызмет көрсетеді. Ал, төртінші топқа созылмалы ауруы бар науқастар жатады. Бұндай қоңыраулар емханалардың жанындағы «жедел жәрдемге» жіберілетін болады. Олар да күні-түні жұмыс істейді. Осылайша, жедел медициналық қызметтің жұмысын барынша жеделдету қарастырылған»,-дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Вице министрдің айтуынша, бұл салада жұмыс жасайтын дәрігерлер мен фельдшерлердің кәсіби дайындығына да нақты талаптар қойылады. Аталған мәселе де министрдің бұйрығында көрсетілген.

Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button