Жарнама
Жаңалықтар

АҚ ХАЛАТТЫ ЖАНДАРҒА – АЛҒЫС

Сала мамандарын аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атынан құттықтаған Шыңғыс Жұмабекұлы адам жанына арашашы болған дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалады. «Әдетте жылдың соңы мен басында азаматтардың елге сіңірген еңбектері еленіп жатады. Атқарған қызметіне байланысты лайықты баға беріледі. Елімізбен бірге облысымызда медицина саласы да уақыт өткен сайын даму үстінде. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік өркендеуі бұл саланы да айналып өтпеді. Түрлі заманауи құрал-жабдықтар пайда болып, оның құлағында ойнайтын мамандар да көбейіп келеді», — деген ол адам өмірін сақтау үшін қызмет ететін дәрігерлердің еңбегі қандай марапатқа да лайықты екендігін айтты.

Облыс әкімінің Алғыс хатын саланың үздіктері – №4 қалалық емханасының бас дәрігері Клара Сұлтанғалиева, №7 қалалық емханасының бас дәрігері Ғазиз Есқали, Индер аудандық өкпе аурулар ауруханасының бас дәрігері Төлеп Қаналин, Мақат аудандық өкпе ауруларға қарсы күрес аурухананың бас дәрігері Ахметжан Жұмағалиев иеленді. Ал, облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы Дамбы дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Ақкенже Мұстафинаға берілді. Сондай-ақ, қызметіне деген адалдықпен, жанашырлығымен ұзақ жылдар бойына еңбек еткен өңіріміздегі өзге де он бес дәрігерге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Суреттерді түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button