photo 311249

Айырбастау пункттерінде валюта операциясына мораторий жарияланғаны рас па?

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/9 наурыз, 2020 жыл. Ұлттық банк әлеуметтік желілерде айырбастау пунктеріне қатысты тарап жатқан ақпараттың жалған екенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан 2020 жылдың 10 -13 наурызында айырбастау пунктеріндегі шетелдік валюта операцияларына мораторий жарияланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, желілер арқылы таратылып жатқан құжатта Ұлттық банк төрағасының қолы мен банк мөрі, нөмері жоқ. Ұлттық банктің ресми бланкісінің үлгісі басқа.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған