Жарнама
Жаңалықтар

Аймақ басшысы атыраулық ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады

Құрметті атыраулық ұстаздар!

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

         Бұл – егемен еліміздің бүгінгісін баянды қылып отырған жас азаматтарды, келешегін айқындайтын өскелең ұрпақты біліммен сусындатып, тұлға ретінде қалыптастыратын ерекше кəсіп иелерінің төл мерекесі. Өйткені, ата-бабамыз бағзы заманнан- ақ ілім-ғылымның маңызын терең түсініп, «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген даналықты өсиет қылып қалдырған.

Тек білім-ғылымы мықты ұлт қана бəсекеге қабілетті бо- лып, көш бастайтыны анық. Ендеше, ел келешегі – жастарды өрелі тұлға ретінде тəрбиелейтін Сіздер мемлекеттің өсіп, өркендеуінің кілтін қолдарыңызда ұстап отырсыздар.

Облыстағы ондаған мың шəкірт білім мен тəрбие берген ұстазына қарап бой түзейді, ой түйеді. Бұл – биік мəртебе, əрі зор жауапкершілік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған ең маңызды басымдықтардың бірі – білім мен ғылымды дамыту міндетін іске асыру үшін облыста үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа мектептер бой көтеріп, бірқатары жөндеуден өтіп, жаңғырды. Білім ордалары барлық қажетті құралдармен қамтылған, білім берудің озық тех- нологияларын енгізу үшін арнайы кабинеттер, зертханалар жасақталуда.

2020-2021 оқу жылында түрлі республикалық, халықаралық олимпиадаларда, басқа да білім сайыстарында атыраулық оқушылар жоғары жетістіктерімен қуантты. Оқу жылының қорытындысы бойынша 272 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда «Алтын белгі» алған бала саны 43-ке артты. «Үздік аттестат» иегерлері де өткен оқу жылымен салыстырғанда 39 балаға көбейіп отыр. ХІ сыныпты бітірген 1372 оқушы мемлекеттік білім грантын ұтып алса, 150 мектеп түлегіне жергілікті əкімдік гранты берілді.

Құрметті ұстаздар!

Алда білім сапасын арттыру, облыстағы білім беру жүйесін жетілдіру бағытында зор міндеттер тұр. Оны жүзеге асыру жауапкершілігі Сіздерге жүктеліп отыр. Себебі, қандай озық оқу бағдарламасы немесе ең жаңа ғимарат пен жабдық болса да, мұғалімнің кəсіби шеберлігін, бай тəжірибесін, шығармашылық құлшынысын ештеңе алмастыра алмайды.

Ұлт болашағы үшін жауапкершіліктің жүгін арқалаған Сіздердің ерен еңбектеріңізге ризашылығымды білдіріп, қызметтеріңізге сəттілік, толайым табыстар тілеймін.

Əрдайым дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының əкімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button