Жарнама
Жаңалықтар

«Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Республика Көлік министрілігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 1 маусымнан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы кіреді. Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button