Жарнама
Жаңалықтар

АИ-92 бензині мен дизельдің қоры бір айға жетеді – ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов бүгінгі Үкімет отырысында мұнай өңдеу зауыттарындағы бензин мен дизель қоры туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы еліміз бойынша бір айға тұтынуға жеткілікті көлемде АИ-92 маркалы бензині мен дизель қоры бар. Ал АИ-98 маркалы бензиннің қоры 2 аптаға жетеді», — деді ол.

Сондай-ақ компания өкілі батыс өңірлердегі төтенше жағдайға тоқталды.

«Кеше түстен кейін сыртқы желілер тарапынан электр энергиясының өшуіне байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылды. Дәл осындай себеппен Қарабатандағы газ-химия кешеніндегі жұмыс та апаттық жағдайда тоқтатылды. Электрдің өшуінің салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытының барлық технологиялық қондырғылары қауіпсіз тоқтатылды.

Авариялық жағдайдың алдын алу және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апатты жою алгоритміне сәйкес барлық қондырғылардан көмірсутегі газы алауға жіберілді.

3 шілдеге қараған түні электр қуатын қайта беру басталғаннан кейін зауыт қолда бар қорлардан мұнай өнімдерін жөнелтуді қайта бастады. Атырау мұнай өңдеу зауыты резервуарында бүгінгі таңда 26 мың тонна автобензин, 33 мың тонна дизель, 1200 тонна сұйытылған мұнай газы бар. Бұл көлемдер 7 күнге тұрақты жөнелтуге жеткілікті», — деді Дәулетжан Хасанов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button