Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

«Агросекторға озық технологияларды енгізу керек»

Серік Айдарбеков Қызылқоға әкіміне агросекторға озық технологияларды енгізуді тапсырды.

«Бұл туралы бүгін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков өткен жылда атқарылған жұмыстар есебін берген Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиевке тапсырды» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аудандардың бірі – Қызылқоға өңірі. Осыған орай, мал басын өсіру, мал азығы егіс көлемдерін арттыру, суару мәселесін қолға алуды және ​ жергілікті шаруа қожалықтарына заманауи озық технологияларды пайдала отырып, асыл тұқымды мал басын көбейтуге қолдау көрсетуді тапсырамын. Сонымен бірге, ​ ауданда шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, инвестиция тартуда жүйелі жұмыстар қолға алынуы тиіс. Халықты ​ жұмыспен қамтуда ​ тиісті басқарма арқылы облыс көлемінде орналасқан ірі және орта кәсіпорындармен тиісті меморандумдар жасақтауды жүктеймін» деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков.

Сондай ақ, Сағыз, Мұқыр, Жамансор және Жантерек елді мекендеріндегі су тапшылығын жою бағытында «Кереген» топтық су құбырын пайдалану бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта «Керегенде» ​ үш ұңғыманың​ ​ құрылысы жүргізіліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button