Жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ»
Аталған іс-шара барысында барлық тұрғындарға, азаматтар мен заңды тұлғаларға арнайы құқықтық көмектер, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Шараға Әділет органдары, адвокатура және нотариалдық палаталар да қатысты.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Жаңылсын Қадырғалиеваның айтуынша, акция аясындақоғамдық қабылдау, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, азаматтарға түрлі мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілген.
Өз тілшіміз.