Жарнама
Жаңалықтар

«Әдепсіздікке» жол жоқ

Жаңа құраммен өткізілген Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысының күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Әлқиссасына келейік, Исатай ауданы әкімінің орынбасары тарапынан азаматтармен қарым-қатынаста әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол беріліп,  іскерлік әдеп   қағидаларының сақталмағаны анықталыпты. Мемлекеттік органның абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеті үшін аталған тұлғаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, кеңесте Қызылқоға ауданы әкімінің және Атырау қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің есептері тыңдалып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама аясында, сондай-ақ қызметтік әдептің сақталуын бақылауды жүзеге асыру бағытындағы қызметтеріндегі «солқылдақ» мәселелер талқыға салынды.

Осы ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындысы да бар. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі тиісті мәліметпен бөлісіп, баяндама жасады.

Бұл орайда, аталған мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен әкімдер мен мемлекеттік орган басшыларына тиісті ұсыныстар енгізілді.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button