Жарнама
Экономика

Адами капиталды дамыту – ел экономикасының қозғаушы күші

 Экономиканың орнықты дамуы мен қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуде сапалы білім беру жүйесінің рөлі орасан. Өйткені адами капитал – кез келген елдің негізгі экономикалық ресурсы. Осы ретте мемлекет 2021–2025 жылдарға арналған білім беру саласын дамыту бағдарламасы аясында мектеп инфрақұрылымын жаңартуға және кеңейтуге айрықша мән беріп отыр.
 Атырау облысында аталған кезеңде білім беру нысандарының құрылысы апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге, сондай-ақ оқушы орын тапшылығының алдын алуға бағытталған. Бұл өз кезегінде білім сапасын арттыруға, оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 2025 жылға қарай 93 пайызға жетпек.
 2023–2025 жылдары жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында Атырау облысында 12 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл жобалар оқушылар саны жыл сайын артып келе жатқан өңірде білім беру инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды қадам.
 Бұл бастамалардың экономикалық маңызы да зор. Біріншіден, құрылыс жұмыстары өңірдегі жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жаңа мектептердің пайдалануға берілуі білім саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы болашақ еңбек нарығына білікті мамандар даярлаудың негізін қалайды. Үшіншіден, ата-аналардың балаларының білім алуына деген сенімі нығайып, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау ісіне үлес қосады.
 Осылайша, білім беру саласына бағытталған мемлекеттік инвестициялар – тек әлеуметтік мәселені шешу ғана емес, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейдегі экономикалық өсімнің ұзақмерзімді іргетасы екенін көрсетеді. 

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button