Жарнама
Жаңалықтар

АДАМДЫ ҚОРҒАУ ТАБИҒАТТЫ САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ

Облыстық соттың баспасөз хатшысы берген мәліметтерге сүйенсек, 23 шілдеде Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасы ашық сот отырысында «Agip KCO» және «NCOC» компанияларының өтініштері бойынша азаматтық іс қаралып, кассациялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырып отыр.

Аталмыш мұнай компаниялары өздеріне қатысты бұған дейін шығарылған шешіммен келіспей, сот арқылы экологтардың тексеру нәтижелерін және өткен жылдың қазан айындағы «Қашаған» кен орнында және «Болашақ» жерүсті кешенінде атмосфераға газ жібергеннен кейін салынған айыппұл санкциясының заңдылығын дауламақшы болған.

«Д» аралында орналасқан Теңіз кешенінің шырақты қондырғысында жоғары күкіртті газды жаққан кезде атмосфералық ауаны зиянды заттармен ластағаны үшін 120 837 330 531 теңге экономикалық шығынның орнын толтыру, «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының шырақты қондырғысында жоғары күкіртті (қышқыл) газды жаққан кезде атмосфералық ауаны зиянды заттармен ластағаны үшін сомасы 13 457 550 568 теңге шығынның орнын толтыру және газ құбырының жарылуы салдарынан зиянды заттардың атмосфералық ауаны ластауынан келген шығынның орнын толтыру туралы нұсқама заңды деп танылды.

«Осылайша, Атырау облысының 2014 жылғы 29 сәуірдегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі, Атырау облыстық сотының 2014 жылғы 6 маусымдағы азаматтық және әкімшілік істер бойынша аппеляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. «Agip KCO» мен «NCOC»-ның кассациялық шағымдары қанағаттандырылмады. Кассациялық сот алқасының қаулысы жарияланған сәтінен бастап заңды күшіне енеді»,дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Гүлжан ӘМІРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button