Жарнама
Жаңалықтар

АБЫРОЙЫ АСҚАҚ ДАРҚАН ЕЛ

 

Қазақстан мен оның бір бөлегі Атыраудың әдебиеті мен мәдениетін көтеруге лайықты үлесін қосып жүрген жазушы-драматург Рақымжан Отарбаев сөз алып, өзі шығармашылық байланыста жүрген әріптесі Бекет Мұқанәліұлының жетістіктеріне тоқталды. Сөз өнерінің зергері Зейнолла Қабдоловтың немересі Санжар Серікұлы Зейнолла Қабдолов атындағы халықаралық сыйлықты Бекет Қарашинге табыстап, иығына шапан жапты.

«Сүйінер ұлың болғаным үшін өзімді бақытты санаймын. Алдағы уақытта да ел үшін еңбек сіңіре беретін боламын. Рахмет, сіздерге», — деп жерлестеріне Бекет Қарашиннің де алғысын білдіруін жұртшылық ыстық қол шапалақтаумен қабыл алды.

Осы шара үстінде көпшіліктің алдында округтер мен әр саланың және қорытындыланған тазалық, көркейту, көгалдандыру айлықтарының үздіктері марапатталды.

Тәуелсіздік күніне арналған шаралар легі ауданда өткен «Дендерім – жыр дастаны, ән асқағы» атты фестивалінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарын марапаттау және олардың гала-концертіне жалғасты.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ
Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button