Жарнама
Жаңалықтар

Ғабит Кенжебаев Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды

Осындай ақжолтай хабар бізге кеше Алматыдан жетті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғабит Кенжебаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент -мүшелігіне сайланды.

АТЫРАУДАН __ЛЕГЕН азамат

Қызылқоға өңірінде кіндік қаны тамып, Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетін тәмамдаған Ғабит өзінің мұғалімдік еңбек жолын  туып өскен ауылындағы Мұқыр орта мектебінде бастады. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген соң ғылымға бет бұрды. Ғабит Қапезұлының бар саналы ғұмыры қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен тығыз байланысты. Аталмыш жоғары оқу орнының аспирантурасын бітірген ол ғылыми ізденуші ретінде әуелі оқу орнының тарих факультетінің кафедра оқытушысы, факультет деканының орынбасары қызметтерін атқарды.

Ол 2002 жылы «Қазақстан ғылымы: Тарих. Тәжірибе. Проблемалар» (1970-1990 жылдар) тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, кейін «Жоғары білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясат және оның Қазақстан Республикасында жүзеге асуы. Тарихи талдау (1985-2005 жылдар)» деген тақырыпта Отан тарихы мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғады.

Профессор Ғабит Қапезұлы – соңғы бес жылдан бері университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры. Атыраудан түлеп ұшқан ғалым – Қазақстанның мәдени даму тарихының проблемаларына байланысты жүзден аса ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде екі монография, екі оқу құралы бар. Ол 2010 жылғы «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» грантының иегері. Ғалым «Құрмет» орденімен, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Ғабит Қапезұлын жаңа ғылыми  атағымен құттықтап, алда да шығармашылық табыстар тілейміз.

Бақытжан Жұмат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button