Жарнама
Жаңалықтар

ТЖД: Мұз үстінде сақ болыңыз!

Ауа райының жылынуына байланысты облыс көлеміндегі барлық су айдындарында және Жайық өзенінде мұздың жұқаруына байланысты профилактикалық шаралар жүруде.

«Бүгінде Атырау облысының су айдындарында мұздың қалыңдығы көпір астында 2-3 см, кей жерлерде 10 см құрайды. Бірақ мұның бәріне қарамастан, балықшылар және тұрғындар, ойын балалары жұқа мұзға шығып, өмірлеріне қауіп төндіруде. Құтқарушылар күн сайын күніне 2 рет балық аулаушылармен және тұрғындармен профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Жайық өзені бойында қауіпті аймақтар анықталып, ол тұстарға «Мұз үстімен өтуге тыйым салынады!» ескерту белгілері орнатылуда. Тұрғындардан мұздағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз! Жұқа мұз үстіне топ болып жиналмаңыздар!, — деп атап өтті Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел-құтқару жасағының басшысы Әділхан Жумалиев.

Төтенше жағдайлар департаменті өңірде ауа температурасының жылынуына байланысты мұз үстіне шықпауларыңызды ескертеді.

Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, қарапайым сақтық шараларын орындау — қауіпсіздігіңіздің кепілі! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button