
Жаңалықтар
Ақтөбе-Атырау трассасында жолаушыны тонап кетті
Қандыағаштан шыққан жолаушыға медициналық маска киген екі адам шабуыл жасап, оның 2 млн теңгесін ұрлап кетті.
Шабуыл жасағандар әлі бостандықта жүр. Полицейлер оларды әуежай, теміржол және автовокзалдардан іздеп жатыр.
Ресми емес деректерге сүйенсек, екі жігіттің бірі арық, бірі толықша келген. Олар «Lada-2109» көлігімен жүрген.
Дереккөз: baq.kz