Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Ақша сомаларын индекстеу арқылы жауапкерден 5 млн. теңге қосымша өндірілді

Атырау облысының Жылой аудандық сотында арыз беруші К.-ның ақша сомаларын индекстеу туралы азаматтық ісі қаралды.

1

Сотта анықталғандай, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы бойынша жауапкер Т.-дан арыз беруші К.-ның пайдасына 52 192 333 теңге өндірілген. Жауапкер Т. ақшалай сот шешімін ұзақ уақыт бойына орындамай, сот орындаушылардың ескертулеріне құлақ аспай, сот шешімін толықтай 20 ақпан 2017 жылы ғана орындаған.

Жауапкер Т.-ның сот шешімін өз еркімен орындауға шешім қабылдамай, сот орындаушылардың шара қолдануынан соң және алып берілген  ақшалай сомаларды индекстеу туралы сот шешімін ұзақ уақыт орындамағаны ескеріліп, арызданушының талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот ұйғарымымен К.-ның пайдасына Т.-дан ақшалай индекстеу сомасы 5 558 504 теңге қосымша өндірілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото baribar.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button