Жарнама
Жаңалықтар

Ақпаратты қайдан аласыз?

Жергілікті халықтың 49,8 пайызы елдегі жаңалықтарды өңірлік және республикалық арналардан, 38,2 пайызы ғаламтор арқылы біліп отырады екен.  Бұл туралы облыс әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары және интернет кеңістікті дамыту мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысында әлеуметтік зерттеу нәтижелері жөнінде баяндаған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева мәлім етті.

А__паратты __айдан аласыз

Дәстүрлі медиа мен интернет кеңістіктің ролін айқындау мақсатында жүргізілген зерттеуге облыс бойынша барлығы 1000 адам қатысқан. «Сіз көбінесе қандай телеарналарды көресіз?» деген сауалға респонденттердің 66,3 пайызы – республикалық, 63,4 пайызы – жергілікті, 23,8 пайызы ресейлік арналарды таңдайтынын айтқан. Бір ерекшелігі, сұралған азаматтардың 34,9 пайызы баспасөзге дәйекті ақпарат көзі ретінде сенім  білдіреді екен.

Жиі оқылатын республикалық басылымдардың қатарында, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» және «Айқын» газеттері бар. «Атырау» мен «Прикаспийская коммуна» газеттері оқырмандарының пайыздық көрсеткіші – 50,1. Респонденттердің 69,8 пайызы жергілікті atpress.kz ақпараттық ресурсының жұмысын оң бағалайтынын айтқан.

А__паратты __айдан

«Қоғам – Общество – Society» ғылыми-зерттеу институты жүргізген әлеуметтік сауалнама азаматтар арасында nur.kz (51,4%),  kazinform.kz (42,5%), Азаттық радиосы (28%) мен  zakon.kz (27,3%) сайттарының да жоғары танымалдыққа ие екенін көрсетіп отыр.

Ақпараттық саладағы нақты проблемалар көтерілген кеңес отырысында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ерболат Қаменов журналистерді дайындауда әмбебаптық  жетіспей жатқанын айтты. «Журналист өзі жазады. Материалын қатесіз жазады. Мақаланы өзі беттейді» деп талаптар қойылатын болса, нақты нәтижелерге жетер едік» деген медиахолдинг басшысы саннан сапаға өтуді, яғни, журналистика бөліміне оқуға қабылданатын  талапкер санын шектеуді ұсынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button