АЭС туралы референдумның түпкілікті нәтижесі жарияланды
Орталық референдум комиссиясы аумақтық референдум комиссияларының хаттамалары негізінде 2024 жылғы 6 қазанда өткен республикалық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Кеше 7 қазанда референдум комиссиясының брифингінде референдумның алдын ала нәтижесі жария етілген еді.
«Референдумға қатысу құқығы бар ҚР азаматтарының жалпы саны – 12 млн 284 487 адамды құрады. Олардың 63,66 пайызы немесе 7 820 204 дауыс беруге қатысты. Осылайша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысты. Осылайша, республикалық референдум туралы Конституциялық заң нормаларына сәйкес, референдум өткізілді деп саналады», — деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы немесе 5 561 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қолдады.
Ал қарсы дауыс бергендер саны – 2 045 271 адамды құрады.
«Жарамсыз деп танылған бюллетендер саны – 130 267. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыс санау кезінде есепке алынбайтын бюллетендер саны – 82 729 бюллетенді құрады. Осылайша, Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналады», — деді Н. Әбдіров.
Еске салайық, 6 қазан күні қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.