Жарнама
Жаңалықтар

АЭС: Халықаралық тәжірибеге үңілу керек

АЭС-ке қатысты әңгіме қозғалған кезде «қай мәселеге көңіл бөлуіміз керек?» деген сұрақ туындап жатады. Алдымен халықаралық тәжірибеге назар аударсақ, әлемнің 32 елінде АЭС бар. Әлемдегі тауар экспортының 70 пайызын құрайды. Яғни, әлемнің 70 пайызы АЭС қолданса, 30 пайызы АЭС-ті қолданбайды деген сөз.

Кез келген мемлекеттік саяси шешім ғылымға негізделуі керек деген түсінік бар. Оксфорд университетінің белгілі ғалымының еңбектеріне қарадым. Ол еңбегінде АҚШ-та АЭС салу туралы мәселе көтерілген кезде қабылданған шешімдер, ғылыми зерттеулердің барлығын еңбек қылып шығарған. Сол еңбекпен кез келген адам танысу керек деп есептеймін. АҚШ-та да біздегідей әр мекемелерде талқылаулар өтіп, ғалымдар, белсенді азаматтар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, АЭС-тің пайдасы туралы айтқан. Алайда сол кезде халықтың 70 пайызы қарсылық білдірген. Сол кезде Үкімет үлкен әлеуметтік зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдаған. Сосын соның қорытындысына назар аударатындықтарын айтқан. Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысына қараса қарсы болғандардың 53 пайызы егде жастағы азаматтар екен. Ол кісілермен жеке жұмыс істеп, тағы да әлеуметтік зерттеу жүргізген. Олардың қорқыныштарының бірден-бір себебі кинофильмдер екен. Өздеріңізге де белгілі осы кезге дейінгі киноларда АЭС-тан мемлекетті, қаланы құтқарып жатқан, оның жарылғалы жатқан, теракт ұйымдастырылайын деп жатқан кадрлар көп кездеседі. Сол арқылы адамның санасына қорқынышты түсінік қалыптасып қалған. Екіншіден, әлемде болған үш АЭС-тағы үлкен апаттың әсері. Үшіншіден АЭС-ті ядролық қарумен шатастырып жатады. Бұл да АЭС-ты салуға кері әсерін тигізеді. АҚШ осы әлеуметтік зерттеулерді негізге ала отырып, мектеп оқушыларына АЭС туралы түсіндіру керектігін айтады. Ал оны қалай түсіндіреді? Ақпараттық бағдарламалар арқылы ойын жасап шығарып, ол жерде АЭС-ті қалай құрастырады, оның бөлшектерін қалай орнатады, одан соң ол жарылып кетпей ме жоқ па соның барлығын ойын арқылы түсіндіреді. Осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оған әр штаттағы ғылыми институттарды пайдаланған.

Тағы бір қызығы, ол кезде ең жоғары мамандықтардың қатарында заң, экономика саласының мамандары болған. Ал кейін АҚШ-та АЭС салынып басталған соң жалақысы жоғары, сұранысқа ие мамандықтардың қатарында ядролық қару шығарушы, атомдық физика саласының мамандары болған. Осы мамандықтардың әлеуетін көтеруге біз де көбірек тоқталуымыз керек. Өйткені, бұл салаға мықты, талантты жастар, ғалымдар баруы керек деп ойлаймын.
Зерттеулерге қарап отырсақ, АЭС салу мерзімі 10 — 16 жылдың аралығында екен. АЭС салынғаннан кейін ол жерде жұмыс жасайтын мамандарды даярлау ісі басты мәселе болатыны белгілі. Мұны тек университеттерде ғана даярлап қоймай, АЭС саласында зерттеумен айналысатын институттар дайындаған. Сол институттар кадрлар дайындауға атсалысқан. Бұл да АҚШ пен Францияның тәжірибесі. АҚШ ғалымы өз сөзінде, АҚШ энергия көзінің 57 пайызын АЭС-тан алып жатқандығын, осы арқылы АҚШ-тан 100 млн автокөлікті алып тастағанмен тең деп теңеу айтқан. Демек экологиялық тұрғыдан да пайдалы екендігін жеткізген. Сондықтан бұл бізде де іске асса осындай пайдалы жағы жүзеге асады.
Тағы бір айта кететін нәрсе, қазір баламалы энергия көзін пайдалану туралы да пікірлер айтылады. Ол үшін тағы да зерттеулерге назар салсақ, су электрстансысын салу үшін судың бастауы бізден болуы керек. Қазір Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларында мұндай станциялар бар. Өйткені, ол елдерде судың бастауы өздерінен басталады. Бізде судың бастауы болмағандықтан қиындық тудырады деп есептеймін.
Жоғарыда аталған шетелдік тәжірибелерді біз де қолдануымыз керек. Соның ішінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі IT кафедра осындай ойын жасап шығарса, оқушыларға АЭС туралы түсіндірудің бірден-бір жолы.

Асхат ШҮКІРОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button