Махамбет ауданында тұратын 95 жастағы Зәру әже өз таңдауын жасады
Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл. Махамбет ауылы Есбол ауылдық округіндегі ауыл тұрғындары еліміздің басты саяси науқанына белсене атсалысты.
Осындағы Ортақшыл ауылындағы мәдениет үйінде орналасқан №231 сайлау учаскесіне тұрғындар көптеп жиналды. Комиссия төрағасы Гүлзира Бисенғалиеваның айтуынша, сағат 9.00 шамасында 753 сайлаушының жүзге жуығы таңдау жасап үлгерген. Олардың ең үлкені – 90 жастағы Сиық Исанов, ал, Бақытжан Қаймышев алғаш рет қатысып отырғанын айтады.
Сол сияқты, Ғабиден Сидықов жұбайымен және бала-келінімен бірге келіп дауыс берді. Шарада «Нұр Отан» және «Аманат» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері бақылаушы ретінде атсалысты.
Сондай-ақ, Еңбекші ауылында №230 учаскеге тіркелген 177 сайлаушыынң үштен бір бөлігі өз таңдауларын жасады. Мұндағы мектеп директоры Айболат Қуанышевтың сөзінше, тұрғындар өте белсенді.
Есбол ауылындағы (бұрынғы 11 ауыл) №232 учаскеге 95 жасқа келген тұрғын Зәру Әкенова отбасымен бірге дауыс берді. Комиссия төрағасы Ержан Қозыкешев берген мәліметке сүйенсек, 437 тұрғынның жетпістен астамы сайлауға атсалысты. Ал, алтауы денсаулығына және басқа да себептерге орай үйден дауыс бермек.
Дәулетқали АРУЕВ