ЖаңалықтарСаясат
9 маусымда Президент сайлауы өтеді
Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Бұл туралы қазір Қазақстан Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу — маңызды әрі қажетті қадам. Президентті халық сайлайды. Мен іс басындағы Президент ретінде сайлаудың ашық әрі әділ өтетіндігіне кепілдік беремін» деп атап өтті Президент Қасым — Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы жолдаған Үндеуінде.
Айта кетелік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына белгіленді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.