whatsapp image 2020 08 17 at 12.30.03 1

ҮСТЕМЕАҚЫ қалай төленуде?

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Ерте көктемде көлбеңдей кіріп, ала жаздай ылаң салған аты өшкір жаман аурудан қаншама адам зардап шекті. Бәрінен бұрын бұл дертке қарсы қолданар емнің жоқтығы үлкен қиындық тудырды.

Соның салдарынан мыңдаған адам ауырып, бірнеше адам көз жұмды.
Өкінішке қарай, дертке шалдыққандарды емдеймін деп, өздері де ауырып қалған, қайтыс болған дәрігерлер мен орта буын медицина
қызметкерлері де жоқ емес. Осы мәселеге бейжай қарамаған билік
арнайы қаулы-қарар шығарып, коронавируспен күрес кезінде
эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау
ұйымдары қызметкерлеріне қаржылық қолдау көрсетуді көздеді.
Атырау облысында да арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті.
– Комиссияның алғашқы отырысында біз коронавируспен ауырған
және одан қайтыс болған 190 медицина қызметкерінің эпидемиялық
қорытындысын қарап, 81 медқызметкердің жұмыс орнында жұқтыру фактісі дәлелденгендіктен әлеуметтік төлемді жүзеге асыруды
қанағаттандырдық (оның ішінде қайтыс болған екі медицина
маманы да бар). Ал, 101 медқызметкерге аталған ауруды жұмыс
орнында жұқтыру фактісі дәлелденбегендіктен, әлеуметтік төлемді жүзеге асыру мүмкін болмады. Сонымен қатар, 8 медқызметкердің
эпидемиялық картасы қайта қарау үшін келесі отырысқа қалдырылды дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Нұрлыбек Қабдықапаров.

Аталған комиссияның екінші отырысында да COVID-19-бен
ауырған және қайтыс болған 296 медицина қызметкерінің эпидемиялық
қорытындысы қаралған. Ауруды жұмыс орындарында жұқтырғаны
дәлелденген 121 медқызметкерге әлеуметтік төлем төленетін (оның
ішінде біреуі – қайтыс болған) болды. 150 медқызметкердің (оның
ішінде біреуі – қайтыс болған) ауруды жұмыс орындарында жұқтыру
фактісі дәлелденбегендіктен, әлеуметтік төлем төлеуге жатпаған. Ал,
25 медқызметкердің эпидемиялық картасы келесі отырыста қарауға
қалдырылған.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы вирустық пневмония жұқтырған немесе содан қайтыс болған 162 медқызметкердің медициналық картасы мен басқа да құжаттарын жинақтауда екен.
Ақ халаттылар үшін белгіленген бұл қаржы Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру қоры арқылы арнайы комиссияның шешімі
негізінде жүзеге асады. Осы ретте партиялық бақылау комиссиясының
кезектен тыс отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит
Құралбек баяндама жасады. Сонымен қатар тақырып төңірегінде
салаға қатысты өзге де жауапты мамандар сөз алып, өз салалары
бойынша мәлімет берді.
Отырыста аталған комиссия мүшесі Серік Баймұқашев қазіргідей
қиын-қыстау сәтте түрлі алаяқтық жолмен мемлекет қаржысын талан-
таражға салатындардың аз еместігін еске сала келіп: «Заңсыздыққа
жол берілмесін» десе, медицина саласының ардагері Түркбенбай
Нұржігітов: «Бұл мәселеге барынша сақтықпен қараған жөн. Жаны
мен уақытын аямаған медиктердің еселі еңбегі барынша бағалануы
керек. Қазір оларға үстемеақы төленбесе, олардан ертеңгі күні қалай
көмек сұраймыз?! Осы жағын да ескеру керек» деді.

Кезектен тыс отырысты қорытындылаған комиссия төрағасы
Болат Нығметов отырыста сөйлеген комиссия мүшелерінің әр тілегі
мен ұсынысы, медицина қызметкерлерінің кез келген арыз-шағымы жауапсыз қалмайтынын еске салды. Отырыс соңы комиссия мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақ-
жауабына ұласты.

Лиза СЕЙТІМОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған