COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Соңғы тіркелген атыраулық алты адамның қауіпті індетті қалай жұқтырғаны белгілі болды
Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабының хабарлауынша, барлық науқас бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған.
Жаңадан анықталған науқастардың арасында 1953 жылғы әйел мен 1975, 1987, 1989, 1988 және 1980 жылғы бес ер адам бар.
Қазіргі уақытта алты науқас та инфекциялық стационарға орналастырылған, оларға тиісті ем шаралары жүргізілуде.
Осылайша, Атырау облысында Covid-19 індетіне шалдыққандар саны 69 адамға жетті. Ал, 12 жергілікті тұрғын аталған дерттен жазылып шықты.
«Atr-Ақпарат»