Атырауда облыс прокуроры блок-пост жұмысымен жіті танысты (+ФОТО)

img 20200330 wa0094 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл.   Бүгін Атырау облысы карантинге жабылды. Енді жұмыс уақыты қысқарып, теміржол мен автовокзал жұмысы тоқтайды. Ал, қала маңындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды.

Осыған орай, қала кіреберісіне төрт блокпост қойылғаны белгілі. Бүгін облыс прокуроры Халидолла Дауешов карантин режимін қамтамасыз ету жұмысымен танысты. Ол «Атырау-Астрахан» жəне «Атырау-Орал» бағытындағы қадағалау бекетінде кезекшілікте тұрған «Батыс» өңірлік қолбасшылығының əскерилері, полиция департаменті мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын оң бағалады.

Айта кету керек, облыста енгізілген карантинге байланысты облыстық прокуратурамен мобильді топ құрылды. Ол төтенше жағдай талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін болады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

img 20200330 wa0095
img 20200330 wa0106
img 20200330 wa0096
img 20200330 wa0098
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-әskeriler-zararsyzdandyru-zhұmystaryna-tartylyp-zhatyr/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз