Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

ТОҒЫЗЫНШЫ АДАМ: Бала вирусты қалай жұқтырды?

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Тоғызыншы адам 2008 жылы туған бала. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

Оның айтуынша, қыз Алматыға Германиядан келген.

«Қазақстанда, Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ол 2008 жылы туған қыз. Елде тоғыз адам вирус жұқтырды. Жетеуі Алматыда, екеуі астанада», — деді Ахметшәріп.

Бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған 8 адам туралы хабарланған болатын. Оның алтауы – Алматыда, екеуі –  Нұр-Сұлтанда тіркелген еді. Енді Алматыда тағы бір адамның тапсырған сынамасы вирус жұқтырғанын көрсетіп отыр.

Тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір айға төтенше жағдай режимін енгізіп, үкіметке тапсырма берді. Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр және көрмелердің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button