Жарнама
Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады?

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «7-20-25» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске қосылу мерзімін атады.

20180306104239

Оның айтуынша, аталған бағдарламаны 2018 жылдың шілде айында қосу жоспарланып отыр.

«Ағымдағы жылдың шілде айында бағдарламаны жүзеге асыруға кірісеміз. Сәуір айында Ұлттық банк басқармасы «Баспана» ипотекалық ұйымын құрды, қазір тіркеу рәсімінен өтіп жатыр. Мамыр айында бағдарламаның негізгі шарттары заңнамалық түзетулермен сәйкестендіріледі және шілде айында баспана беру жұмыстары басталады», — деді Олег Смоляков.

Ұлттық банк өкілі бағдарламаның табысты жүзеге асатынын атап өтті. Оның айтуынша, көптеген елдерде ипотека 7 процентпен беріледі және қарыз алушылар өз табыстарына сәйкес, несиені қиындықсыз өтей алады.

Хорлан Смадияр

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button