Жаңалықтар
«7-20-25» бағдарламасы арқылы қайталама нарықтан да баспана алуға болады
«7-20-25» бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі Бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Бұл туралы Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев айтты.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, бағдарламада ипотекалық қарыздың ең жоғары мөлшері өңірге байланысты сараланатын болады. Бұл ел өңірлеріндегі тұрғын үйлерге бағалар деңгейінің әртүрлі болуына негізделген.
«Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары тек қана теңгемен берілетін болады. Бұл ретте банктер бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарыздарды алу және қызмет көрсетумен байланысты қандай да бір комиссиялар мен алымдар өндіріп алмайды», — деп атап өтті Данияр Ақышев.
Хорлан СМАДИЯР