Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

55 дәрігерлік амбулатория жанынан тегін дәрі-дәрмек пункті ашылады

Atr.kz/23-ақпан, 2019 жыл. Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің биылғы басты жаңалығы – ауруларды басқару моделі енгізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
– Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ел азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады. Ол барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және медициналық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ, дәрілік көмекті қамтиды. Ал, ауруларды басқару моделінің ерекшелігі әрбір денсаулық сақтау ұйымы өз пациенттерімен ұдайы байланыста болып, динамикалық бақылау жасайтын командаларды құрады. Науқастардың дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытылы ішуін, тексерістен толық, әрі жүйелі өтуін бақылап отырады. Сөйтіп, адамға өз ауруын басқаруға, оның асқынуына жол бермеуге мүмкіндік береді, — деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.

medportal96 o nas 1024x512


Бұдан басқа, жүкті әйелдерге, жаңа туған сәбилері бар отбасылар үшін үйді аралап медициналық қызмет көрсету жүйесі енгізілуде. Учаскелік дәрігерге бекітілген адам саны 1700-ге дейін төмендетілді. Ал, дәрігер тапшылығы мәселесін шешуде биыл М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетін бітіретін 98 түлекті Атырау облысына қызметке шақыру жұмыстары қолға алынды. 55 дәрігерлік амбулатория жанынан тегін дәрі-дәрмек пунктін ашу жоспарланды. Сондай-ақ, пациентке дәріні алғаны жөнінде смс-хабарлама жіберу жүйесі енуде. Денсаулық сақтау мекемелері сапалы медициналық қызмет ұсынуда өзара келісім-шарттар жасақтады. Оның негізінде белгілі бір себеппен жұмыс орнында болмаған дәрігердің қызметін келісім жасасқан медициналық ұйымның дәрігері уақытша алмастырады. Осылайша, пациенттерді қабылдау кідіріссіз жүргізіледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизовтың айтуынша, биыл облыста осынау медициналық қызметтерді атқаруда бекітілген келісім-шарттың жалпы сомасы 25 млрд. теңгені құрады. Қор аясында 64 медицина ұйымымен келісім-шарт бекітілді. Оның 30-ы жекеменшік емханалар. Бүгінде жекеменшік емдеу-сауықтыру ұйымдары медициналық қызмет түрлерін көрсетуге белсенді түрде атсалысуда.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button