Жарнама
Жаңалықтар

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай жүріп жатыр?

Бір айдан соң Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Еліміз алғаш рет Орталық Азияның көшпелі халықтарының ойындарына негізделген халықаралық спорттық жарыстарды өткізу эстафетасын қабылдайды. 5-ші ойынның бас серіктесі еліміздің ең ірі банкі Halyk Bank болды. Ынтымақтастық туралы келісімге биыл маусым айында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Halyk Bank төрайымы Үміт Шаяхметова қол қойған болатын.

Айта кетейік, көшпенділердің алғашқы дүниежүзілік ойындары 2014 жылы Ыстықкөл жағалауында өткен еді. Жарысқа 19 елдің спортшысы қатысқан болатын. Ал былтырғы ойындар Түркияның Изник қаласында өтіп, 80-нен аса ел қатысқан еді. Ал биыл Астанаға 89 елден 2000-нан аса қатысушы келеді. Болжам бойынша 8-13қыркүйек аралығында Қазақстан астанасына 100 мыңнанаса адам келеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар көрермендер үшін алты жерде өтетін 21 спорт түрінен жарыстар ғана емес, сонымен қатарғылыми-танымдық және мәдени бағдарламалар дайындайды.

Мәселен, Қазақстанның Ұлттық музейінде «Көшпенділер:тарих, білім, сабақтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Онда келушілер ұлттықспорт түрлерін дамытудың қазіргі жағдайымен танысып, түркі халықтарының дәстүрлері мен мұралары туралы білеалады.

Сондай-ақ, «Қазанат» ипподромы маңында 10 гектараумақта «Көшпенділер әлемі» этноауылы орналасады. Онда күн сайын мәдени іс-шаралар өтеді: еліміздің үздік шебер-қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары,айтыстар, аң аулау бойынша жарыстар және ұлттық күрестүрлері бойынша көрсетілімдер.

Бұдан бөлек, этноауылда Қазақстанның 17 облысы менреспубликалық маңызы бар үш қаланың өкілдерін қамтитын«Бірлік Керуені» өтеді. Бұл шеруге қатысушылар қатарында Halyk Bank филиалдарының басшылары болады.

Р.ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button