Жарнама
БілімЖаңалықтарСаясатҚоғам

Жоғары білім сапасын қалай арттырамыз?

«Ресей мен Қазақстанның іздеу қозғалыстарының өзара іс-қимылының тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбында онлайн режимінде, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті базасында (Ақтау қ.) халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс – шараны «Ресейдің іздеу қозғалысы» Астрахань аймақтық бөлімі (Астрахань қ., РФ), Астрахань мемлекеттік техникалық университеті және Каспий маңы елдерінің мемлекеттік университеттер қауымдастығы ұйымдастырды.
Атырау мемлекеттік университеті әріптестерінің ұсыныстарын қолдады, университеттің «Рухани жаңғыру» мұражайының студиясында көпжақты видеодиалогқа гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының, ардагерлер кеңесінің, жастар саясаты департаментінің ПОҚ өкілдері қатысты.
Видеомост жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту, мұрағат, мұражай жұмысы мен іздеу отрядтарының жұмысында өзара ынтымақтастықты жолға қою, посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің ортақ тарихи естелігін зерттеу шеңберінде еуразиялық интеграцияны нығайту мәселелерін талқылау мақсатында Астана, Ақтау, Атырау, Мәскеу, Астрахань, Махачкалы қалаларынан қатысушыларды, мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының, ардагерлердің, жастардың қоғамдық ұйымдарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының орталықтары мен кафедраларының, әскери-патриоттық клубтардың өкілдерін біріктірді.
Іс-шарада спикерлер ретінде Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті зерттеу институтының директоры Нұрлан Ізтілеуов (Ақтау қаласы), Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Майдан Құсайынов (Астана қаласы), Перспективалық зерттеулер орталығының директоры Сергей Масаулов (Мәскеу қаласы), ММУ ААО директоры Дарья Чижова (Мәскеу қ.), Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің Халықаралық бөлімінің басшысы Евгения Юкина (Мәскеу қ.), және т. б. сөз сөйледі.
Атырау мемлекеттік университетінің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Жанна Қыдыралина «Ұлы Отан соғысындағы жалпы жеңіс туралы тарихи естелік және еуразиялық интеграцияның мәдени-құндылықтық әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады.
Ол еуразиялық интеграцияның жалпы тарихи-өркениеттік алғы шарттары мен әлеуетін, ЕАЭО мемлекеттерінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын атап өтіп, Ұлы Отан соғысы туралы белгісіз болып қалған мұрағаттық құжаттарды анықтау барысындағы тарихшы-ғалымдардың жұмысы туралы айтты.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button