42 500: Атырауда «Қазпошта» арқылы 6000-ға жуық азаматқа есепшот ашылды
Аtr.kz/18 сәуір, 2020 жыл. Осы операция түрін жеңілдету үшін «Қазпошта» виртуалды карта қызметін іске қосты.
Бұл туралы бүгін Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы директоры Алтын Садықова мәлімдеді.
«post.кz сайтында вируталды карта қызметі іске қосылды. Яғни, азаматтар виртуалды картаны онлайн рәсімдей алады, осы арқылы тұтынушыда автоматты түрде есеп шот ашылады» деп нақтылады спикер.
Белгілі болғанындай, төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан 42 500 теңге бойынша Атырауда 6000-ға жуық әлеуметтік көмек алушыларға «Қаз пошта» арқылы есепшот ашылған.
«Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штабы«