Жарнама
Жаңалықтар

— 30 градус аяз келе жатыр

  Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл.   29-30 қаңтар күндері елге солтүстік-батыс антициклоны келеді деп болжанып отыр. Сондықтан жауын-шашын азаяды, бірақ күн суытады.

Қаңтардың соңында күн күрт суытады. Ауа температурасы -30 градусқа дейін түседі. Бұл туралы Казгидрометтің қысқа мерзімді болжамдар басқармасының бастығы Алуа Саханова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Алдағы күндері, 29-30 қаңтарда солтүстікбатыс антициклоны келеді деген болжам бар. Онымен бірге жауыншашын азаяды, бірақ күн суытады. Солтүстік, шығыс пен орталық аймақтарда түнде ауа температурасы минус 20-30 болады», — деді Саханова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аяз көп тұрмайды. Себебі атлантикалық циклон жақындап келеді. Онымен бірге еліміздің батысында күн жылынады.

Қазгидрометтің өкілі астанадағы жағдайға да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, өткен демалыс күндері 6 миллиметр қар түскен. Ал желдің жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетті.

«Қаңтардың басынан бері Нұр-Сұлтанда 49 миллиметр қар түсті. Негізі, бір айлық норма – 16 миллиметр. Сонда бір айда үш айлық норма түсіп тұр. Солтүстік аймақтарда дәл осындай жағдай. Қар көп жауды, жел де қатты болды. Мысалы, Ерейментау мен Степногорскте орналасқан метеостанциялар желдің жылдамдығын секундына 31 метрге дейін көрсетті», — деп атап көрсетті Саханова.

Бүгін астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

http://atr.kz/el-zha-alyi-taryi/750-den-astam-adam-%D2%9B%D2%B1t%D2%9Barylyp-15-my%D2%A3nan-astam-k%D3%A9lik-%D2%9Bar-%D2%9B%D2%B1rsauynan-shy%D2%93aryldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button