Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

241 қызметкердің жалақысын кешіктірген

Atr.kz/15 қазан, 2020 жыл. Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына Исатай аудандық прокуратурасынан «Атырау Жолдары» ЖШС-не қатысты заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс түскен.

«Атырау Жолдары» ЖШС-нің еңбек заңнамасының талаптарын сақтамай, 241 қызметкерге биылғы шілде және тамыз айлары үшін есептелген 20 485 000 теңге көлемінде еңбек ақының төленбегені анықталды.

Осыған байланысты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 87-бабына сәйкес «Атырау Жолдары» ЖШС әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды» -деп хабарлады басқармадан.

Қазір «Атырау Жолдары» 241 қызметкердің шілде, тамыз айларындағы 40 485 000 теңге көлеміндегі еңбек ақысын толығымен төледі.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button