Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

22 мыңға жуық атыраулық әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылмақ

Бұл туралы онлайн брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басқарма басшысының айтуынша, 2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба бойынша жоспарланған әлеуметтік қолдау шараларына 21 751 адамды қамту жоспарланған.

Оның ішінде:

— 1 918 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
— 1 000 адамды «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне;
— 14 374 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру;
— 338 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына;
— 825 адамды жастар практикасына;
— 2 379 адамды қоғамдық жұмыстарға орналастыру және оқыту;
— 645 адамға өз ісін ашуға гранттарды беру;
— 91 жасы «Алғашқы жұмыс орны» жобасына орналастыру және 37 жас — өткен жылғы жалғастырушылар;
— 18 адамды «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасына орналастыру;
— 126 адамды «Күміс жас» жобасына орналастыру.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button