ЖаңалықтарҚоғам
21 қарашада Атырау облысының әкімі тұрғындарды қабылдайды
Atr.kz/13 қараша, 2019 жыл. Мемлекет Басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында жүктеген міндеттерді орындау мақсатында Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы өтеді.
Осы акция аясында 2019 жылдың 21 қараша күні сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін (13.00-14.30 аралығындағы түскі үзілісті қоспағанда) облыс әкімдігі ғимаратының 2 қабаттағы мәжіліс залында облыс әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу үшін Атырау облысы әкімдігі аппаратына ағымдағы жылдың 13-16 қараша күндері аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 35-45-51, 35-41-91 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Дереккөз: Атырау облыстық әкімдігі