Жарнама
Жаңалықтар

2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемі 105 млн. тоннадан асады

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жылБұл туралы бүгін Атырауда өтіп жатқан мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

«Атап өтсек, мұнай өндіру саласының дамуымен қатар, геологиялық барлау секторында ресурстық қорды толықтыру мақсатында инвестициялық тартымдылығы жақсартылды.
2017 жылы заңнамалық реформалар арқылы жаңа Салық кодексі мен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданған болатын.
Жер қойнауын пайдалану саласын реттеуді оңайлату және геологиялық барлау үшін преференциялар беру арқылы жер қойнауын пайдалану жобалары жандандырылуда. Соның ішінде, теңіздегі жобалар.
Осылайша, 2025 жылға дейін Исатай, Абай, Жеңіс, Қаламқас-теңіз пен Хазар жобаларына салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 5 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады.
Бұл ретте, Қаламқас-теңіз және Хазар жобаларына қатысты осы жылдың соңына дейін бірлесіп игерудің Синергия нұсқаларының ең тиімдісі таңдалуда.
Нәтижесінде, инвестицияларын біріктіріп жобалардың тиімділігі мен экономикалық әсерді күшейтуге болады.
Теңіздегі жобалармен қатар еліміздегі аз зерттелген перспективалы аумақтарда геологиялық барлауды жандандыру жоспарлануда» деді спикер.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

EAC0295
EAC0239
EAC0233
EAC0305
Фото — Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button