Жаңалықтар

2022 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады?

1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 063 теңгеге дейін өседі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айлық есептiк көрсеткiш жәрдемақы және басқа да әлеуметтiк төлем, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады.

Паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 24 504.

Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 613 теңге.

Жүргізуші куәлігін алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге.

Ттуу туралы куәлік алу ақша төлеудің қажеті жоқ. Себебі бұл куәлік тегін беріледі. Алайда акт жазбасына өзгерту, толықтыру, түзету енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет.

Неке тіркеу үшін жас жұбайлар 1 АЕК немесе 3 063 теңге төлейді. Ал неке қию туралы куәлікті екінші рет алу үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге қарастырылған.

Ажырасуға арыз беру кезінде төленетін мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе 6 126 теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай

Ең төменгі жалақы мөлшері – 60 000 теңге.

Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 19 450 теңге.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңге.

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қажет ең төменгі күнкөріс деңгейі 2022 жылы 36 018 теңге мөлшерінде болады.

sputnik.kz

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button