Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

2020 жылдан бастап көпбалалы ата-аналардың салығы азаяды

Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Көпбалалы отбасының екі ата-анасының жылдық шегерісі 282 АЕК-тен аспауы керек.

2020 жылдан бастап көпбалалы ата-ананың біреуіне ай сайын 23 АЕК салық шегерісі есептелген, бірақ ата-ананың екеуін қоса алғанда жылдық салық шегерісі 282 АЕК-тен аспауы тиіс, деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті.

Өзгертулер Қазақстан Республикасы кодексінің 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 347-бабында қарастырылған. Бұл баптың күші 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған еді.

Көпбалалы отбасыға арналған салық шегерісі 2020 жылдың 1 қаңтарында төрт немесе одан көп кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар жеке тұлғаларға қатысты қолданылады. Көпбалалы отбасы екені балалардың туу куәлігімен расталады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2018 жылдың 1 ақпанындағы №102 бұйрығы бойынша салық шегерісін қолдану туралы жеке тұлғаның өтініш формасы бекітілді. Бұл өтінішті жұмыс берушіге тапсыру қажет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button