Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық

 2017 жылы Атырау облысында жүк көліктері жүргізушілеріне 101 млн. теңге айыппұл салынған

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың мәселесі қаралды,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171228-WA0027

Жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаевтың  айтуынша,  облыстағы жолдардың нашарлауына үлкен жүк көліктері кінәлі болып отыр. Соның кесірінен жол  төсендісі қысқа мерзім ішінде жарамсыз жағдайға түседі.

2017 жылы жүк көліктерінің жүргізушілеріне тиісті емес жолдармен жүргендері үшін 101 млн. теңге айыппұл салынған. Мысалы, «Атырау-Индер», «Миялы-Сағыз», «Махамбет-Атырау» секілді жолдарда 8 тоннадан көп жүкпен жүретіндер жиі байқалады. Жергілікті тұрғындар карьерлерден тас таситын жүк көліктеріне шағым жасап, әкімдікке бірнеше рет хабарласқан.

IMG-20171228-WA0026

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барлық деңгейдегі мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізулері тиіс екенін және үлкен жүк көліктерінің жүруіне тыйым салатын белгілер орнатып, қадағалау көліктері мен көлік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің санын көбейту қажеттігін атап  айтты.

«Атырау-Индер тас жолы Индер, Махамбет аудандарына қызмет көрсетеді, алға қарай осылай жалғаса беретін болса, жақында ғана пайдалануға берілген жолдың жарамай қалуы мүмкін. Жолды екінші рет салмайды, осы 180 шақырымға 10 млрд. теңге кетті. Индер, Махамбет аудандарының басшылары мен тұрғындары ойланулары керек. Бұл жол сіздердің қолданыстарыңызда, сондықтан алдымен оның сақталуына алаңдағандарыңыз абзал»,-деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button