Жарнама
Жаңалықтар

20 жылдық еңбек өтілі бар азаматтардың зейнетақысына үстемақы қосылатыны рас па?

20 жылдық еңбек өтілі бар азаматтардың зейнетақысына 1 шілдеден бастап үстемақы қосылмақ. Ал, қосымша қаржылай көмектің мөлшері ең төменгі күн көріс деңгейінің 70 пайызын құрайды.

ukraina-vtoraya-07-04-2015

 Бұл туралы Евразия арнасына сілтеме жасап Oinet.kz сайnы хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпованың айтуынша, 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерлері кезең-кезеңмен артуда. Мысалы, бекітілген орташа зейнетақы жыл басынан 9 пайызға көбейген.

Шілдеге дейін тағы да 11 пайызға артатын болады. Сөйтіп өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға дейін ұлғайту қарасытырылған. Сондай-ақ, лауазымды тұлға  зейнетақы туралы жаңа заңның өзгешеліктері жайлы бірқатар түсініктеме берді.

«Айтар болсақ, егер азаматтың еңбек өтілі 10 жылдам кем болса, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54 пайыз мөлшерінде зейнетақы алуға құқылы болады. Қазіргі таңда елімізде бұл көрсеткіш — 24 450 теңге. Демек, 12 802 теңге шамасында алмақ. Егер де 10 жылдан асатын болса, онда мемлекет тарапынан тағы да екі пайыз қосылады. 35 жылдан асып жатса 100 пайыз, яғни 24 450 теңгені толық ала алады», — дейді Жақыпова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button