Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда браконьерлер 2 тоннадан астам бекіремен ұсталды

Атырау облысында браконьерлерден 2 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

«10 қыркүйек-31 қазан аралығында өткен «Бекіре-2020» шарасы аясында 174 құқық бұзушы ұсталды. Олардан 2 тонна 645 кг балық, Оның ішінде 2 тонна 31 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Бұдан басқа, 2 килограмм қара уылдырық, 162 аулау, 9 жүзу құралы (оның ішінде алты «байда» типті қайық) алынды. Оларға қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды» — деді Полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 383-бабы) 158 хаттама толтырылып, оның жетеуі сотқа қарауына жіберілген. Балық қорына заңсыз қол сұғушыларға жалпы сомасы 2,1 млн теңгені құраған айыппұл салынып, оның 944 мың теңгесі өндірілген.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button