2 млн теңгеге дейін: Қазақстанның үш қаласында утилизацияға агротехникалар қабылдана бастады
«Өскемен, Семей және Орал қалаларында істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасы утилизацияға қабылдануда» деп хабарлайды Atr.kz
Техникалар жеңілдік сертификаттарының орнына қабылдануда. Жеңілдік сертификатының номиналы 560 мың теңгеден басталып, 2 миллион теңгеге дейін жетеді.
Аграрлық техникаларды тапсыру үшін екі құжат жеткілікті.
Жеке куәлік пен агротехниканы тіркеу есебінен шығару туралы анықтама қажет. Және техниканың әртүрлі ракурстағы бірнеше суретін қоса жүктеу керек. Өтінім мақұлданған жағдайда, автоматтандырылған жүйе өтінім берушіге аграрлық техниканы кәдеге жаратуға тапсыру күні мен уақыты туралы ақпарат береді.
Агротехниканы кәдеге жаратуға тапсыру үшін, recycle.kz ресми сайтында «қалдықтарды басқару» бөліміне кіріп, кезекті алдын ала броньдауға өтінім толтыру қажет. Ауылшаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсыру мәселелері бойынша төменде көрсетілген телефон арқылы кеңес алуға болады: +7 747 141 1949.
Еске сала кетелік, утилизацияға көліктер
1) Семей қаласы, Автожол көшесі 2.
2) Өскемен қаласы, Базовая көшесі 1.
3) Орал қаласы, Желаев көшесі 39 мекен-жайлар бойынша қабылдануда.