
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
+2: Атырауда коронавирус жұқтырғандар 47 адамға жетті
Atr.kz/10 сәуір, 2020 жыл Қауіпті індетті жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан тіркелді. Барлығы да қатерлі дертке шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болған.
Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке қарағанда, олардан алынған зертханалық сынамалар нәтижелері COVID-19 диагнозын растаған.
«Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде» делінген хабарламада.
Еске сала кетелік, Қазақстандағы төтенше жағдай режимі сәуір айының аяғына дейін ұзартылды.