
Жаңалықтар
Көлік саласы 22,7%-ға өсті – Үкімет есебі
2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша еліміздің көлік саласы 22,7%-ға өсті. Мұндай мәліметтерді Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев келтірді.
Саланың өсу динамикасына жүк тасымалының жалпы көлемінің артуы әсер етті. Бұл көрсеткіш 550,7 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,9 %-ға жоғарлады. Оның ішінде автомобиль көлігімен жүк тасымалы 1,8 %-ға, теміржол көлігімен жүк тасымалы 12,4 %-ға және құбыр арқылы тасымалдар 18,2 %-ға артты. Жолаушылар тасымалы 10,5%-ға өсіп, 928 млн жолаушыны құрады.
Жүк тасымалы көлемінің өсуі экономиканың базалық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етілді, атап айтқанда тау-кен металлургиясы, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларының есебінен өсті.