Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов Қытайда бірнеше келісімге қол қойды

img 8563

Өңір басшысы Серік Шәпкенов бастаған делегацияның ҚХР-ға жасаған жұмыс сапары барысында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды келісім жасалды. 

Атап айтқанда:  

— «Еуразия» Қазақстан-Қытай жаңа индустриялық аймағы құрылады. Жоба 2026 жылы жүзеге асырыла бастайды. Негізгі әріптес — қытайлық PAN ASIA FORWARD CO. LTD. компаниясы. Жаңа келісімшарт аясында қытайлық компания Атырауда жалпы инвестиция көлемі 120 миллион АҚШ долларын құрайтын 5 ірі өндірістік жобаны іске асырмақ. Бұл 1000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді; 

— Қытайлық Envision Energy компаниясы Атырауға қуаты 500 мВт болатын жел электр станциясын салуды жоспарлауда. Жобаны іске асыру үшін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен компания жетекшісі Вэй Вэй меморандумға қол қойды; 

— Қазақстандағы Hualin Energy компаниясы мен қытайлық «Ханчжоу Кэлинь Электрик»  компаниясы газ-поршеньді электр стансасын салмақ. Оның қуаты — 250 мВт. Жобаны іске асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың маңынан 30 гектар жер берілді. Келер жылы іске қосу жоспарлануда; 

— Қытайдағы CREI International Co компаниясы Атырау облысында жел генераторлары мен күн панелдерін орнату жобасын жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Бұл жоба бойынша да меморандумға қол қойылды. 

Атыраулық делегация ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінде екі компанияның басшылығымен кездесу өткізді. 

Олар:

— Лас суды тазартып, ащы суды тұщытатын Green Jiangnan Environmental Protection Co., Ltd. компаниясы; 

— Құрылыс, энергетика, мұнай-химия өнідірісі сынды бірқатар бағытта жұмыс істейтін Power Construction Corporation of China компаниясы. 

Делегация мүшелері Ухань қаласына да барып, ондағы балық шаруашылығы саласы бойынша жасалып жатқан жұмыспен танысты. 

img 8561

Сонымен қатар облыс әкімі Нанкин қаласы партия комитетінің хатшысы Чжоу Хунбомен, Далянь қаласының мэрі Чэнь Чаован мен Паньцзинь қаласының мэрі Син Пэнмен кездесті. Тараптар өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтып, бауырластық қатынастар жөніндегі келісім жасауға ниет білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button