15 өңірде сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
Еліміздің 15 өңірінде ашылған сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, Абай облысында – 475, Ақмола облысында- 717, Алматы облысында – 606, Шығыс Қазақстан облысында – 537, Жамбыл облысында – 493, Жетісу облысында – 447, Қарағанды облысында – 642, Қостанай облысында – 745, Павлодар облысында – 528, Солтүстік Қазақстан облысында – 640, Түркістан облысында – 919, Ұлытау облысында – 136, Астана қаласында – 406, Алматы қаласында — 600, Шымкент қаласында 311 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.
Енді аталған учаскелерде комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кіріседі.
Қазіргі уақытта 5 өңірде, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жалғасып жатыр.
Бұл өңірлерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де, астана уақытымен сағат 21.00-де аяқталады.
Сонымен қатар Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 68 сайлау учаскесінің 10-ы жұмысын бітірді.
57 сайлау учаскесі әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бір учаске әлі ашылған да жоқ.
Нақтырақ айтқанда, Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылады.